Санитарлық дәрігерлер дабыл қағады! Көктем келісімен кенелер белсенділік таныта бастады. Қазірдің өзінде Шымкентте 20-дан аса тұрғын қонсорғыштан зардап шегіп, ауруханаға жүгінген. Қауіпті жәндіктердің адамдарға шабуыл жасайтын маусымы мамыр айтында басталады.
Дәрігерлер дабыл қағады. Шымкентте күн жылына салысымен кенелер белсенділік танытып үлгерді. Жыл басталғалы қаламызда кене шаққан 22 тұрғын ауруханаға жүгінген. Оның 10-ы кәмелетке толмағандар. Қала тұрғыны Иззат Миралиев достарымен бірге көкке шыққанда жәндіктің жабысқанын айтады. Ол еш саспастан өз бетінше жәндіктің шаққан жерін залалсыздандырыпты.
Иззат Миралиев, Шымкент қаласының тұрғыны: «Ауылда жүргенмін. Пикник жасалдық. Таңнан кешке дейін шөптің арасында жүрдік. Кешке үйге барған соң ғана кененің жабысқанын байқадым. Кейін өзім жұлып тастадым. Жағдайымның жақсы екенін білген соң, ауруханаға бармадым»
Санитарлық дәрігерлер кене шаққан соң мамандарға қаралуға кеңес береді. Себебі қауіпті қансорғыштар энцефалит, боррелиоз және конго-қырым қызбасының тасымалдаушылары болып табылады. Инфекцияның белгілері бернеше апта өткен соң барып белгілі болуы мүмкін. Сондықтан ақ халаттылар аурудың алдын алмаса, зардабы аруыр болатынын айтады.
Балкүміс Мұсаева, Шымкент қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы: «Біздің қызметкерлер инфекция жұқтырушыларды емдемейді, алайда алдын алу шаралары мен мониторинг жүргізеді. Сонымен қатар кенелер жүруі мүмкін аймақтарды анықтап, дизинфекция жасайтын пунктерді белгілейді. Көбіне қаланың шеткі аймақтарынада мал ұстайтындықтан сол жақтағы тұрғындар зардап шегеді. Кене шаққан бойда дәрігерлерге барып қаралу керек. Екі апта бойы дәрігерлер қарайында болады. Егер адамның ыстығы көктем басталғалы көтерілсе, қажетті іс-шаралар қолданылады».
Айта кетейік, өткен жылы 807 шымкенттік кене шағып, ауруханаға түскен. Қуанышқа орай өлім-жітім фактісі тіркелген жоқ. Мамандар мамыр мен маусым айларында қансорғыштардың белсенділікке ие болатынын айтады. Сондықтан жазғы уақытта ашық түсті киім киюге кеңес береді.