Қазақстанда жұмыс істеуге ниет білдірген шетелдік компаниялардың қатары көп

32
фото Егемен

Қазақстанға 24 шетелдік компания көшті, деп хабарлады премьер-министр Әлихан Смайылов.

«Релокация аясында Қазақстанға 24 шетелдік компания көшті, тағы 43 компаниямен жұмыс жалғасып жатыр», – деді ол мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен кеңесте.Премьер биыл Қазақстан негізгі капиталға 18,3 трлн теңге инвестиция тартуды жоспарлап отырғанын айтты. Жалпы құны 28,1 триллион теңгені құрайтын 873 инвестициялық жобаның жалпы ұлттық пулы пысықталуда.»Биыл өнеркәсіп саласында 1 триллион теңгеге 170 жоба іске қосылады. Осының арқасында 15 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда», – деді Әлихан Смайылов.