«Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы Түркістан облысының 8 ауылына келеді

36

Түркістан облысына қарасты 8 ауылға «Саламатты Қазақстан» медициналық пойызы келеді. Атап айтқанда Күншағыр, Ақшоқат, Қарақоңыр, Шағыр, Бадам, Игілік, Қызылсай, Ынтымақ елдімекендеріне тоқтайды.

Алматы 2 станциясынан шыққан пойыз желтоқстан айына дейін еліміздің 120-дан астам ауыл-қаласына барады. Медициналық бригадалар диагностикалық процедура ғана емес, сондай-ақ шағын амбулаториялық операциялар жасай алады. Онда тұрғындар терапевт, стоматолог, офтальмолог, хирург, уролог, маммолог, педиатр мамандарынан тегін тексеруден және емдеуден өтеді.

Айта кетейік,шара барысында республика бойынша 75 мыңға жуық ауыл тұрғынына 35 медицина маманы қызмет көрсетеді деп жоспарланған.