Шымкентте Ұлы Отан соғысының үш ардагері ғана қалған

91
9 мамыр жеңіс күні

Жеңістің 78 жылдығын Шымкентте ҰОС үш ардагері  қарсы алуда. Олар Мұраталы Төлепбергенұлы, Абылай Қазбаев пен Нина Мосунова. Жалпы, Қазақстанда Ұлы Отан соғысының 237 ардагері ғана қалған.  Оларға 9 мамырға орай ең кемі 1,5 млн. теңге төленеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Айтуынша, қазір елімізде Ұлы Отан соғысының 237 ардагері тұрады.
«Ардагерлерге 9 мамырға тиісті материалдық көмек жасалады. Бүкіл өңірде бірдей, бірақ кей жерлерде көбірек болуы мүмкін. Әкімдіктердің ұсынысымен кемінде 1,5 млн теңге беріледі», — деді Дүйсенова мәжіліс кулуарында.
Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімдігі Жеңіс күніне орай соғыс ардагерлеріне 1,5 миллион теңгеден берілетінін хабарлаған еді. Өңірде Ұлы Отан соғысының көзі тірі үш ардагері ғана қалған.