Синоптиктердің мәліметі бойынша, алдағы демалыс күндері ауа-райы жылы болады. Сенбі, жексенбі күндері ауа температурасы күндіз 21ден 23 градусқа дейін жылиды. Қазгидромет қызметінің Түркістан облысы бойынша филиал мамандары, айтулы мерзімде аздаған жауын-шашын болатынын да хабарлайды.
Сондықтан демалыс күндері сейілге шығуды жоспарлаған болсаңыз, қолшатырды ұмытпаңыз.
Мейірбек Қахарбеков, «Қазгидромет» РМК Түркістан облысы бойынша филиалының инженер-синоптигі: «Шымкентте сенбі күні, яғни 8 сәуірде күндіз ауа температурасы 21-23 градусқа дейін жылы, қысқа мерзімді жаңбыр болады. Найзағай ойнап, күн күркірейді. Оңтүстік, оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-20 м/сек. Жексенбі, 9-ші сәуірде күндіз күн жылы +21+23 градус. Аздап жауын болады. Найзағай. Желдің екпіні 9-14 м/сек».