Жүк көлігінің ішінде ауызашар өткізген шымкенттіктер көпті таң қалдырды

10310

Шымкентте ауызашар беріп, сауапқа кенелуді көздеген тұрғындарға ауа райының қолайсыздығы еш кедергі бола алмаған. Қасиетті Рамазан айында ниет еткен шымкенттіктер ауызашарды үйде немесе тойхана емес, кәдімгі жүк көлігінің ішінде өткізген. Оның видеосын ТікТок қолданушысы парақшасында жүктеді.

«Тұран-2 шағынауданы, №51 үйдің алды. Құдай қаласа, ауызашар болайын деп жатыр. Жаңбыр жауып кетеді деп ауызашарды «фураның» ішінде өткізейін деп жатыр»,-дейді автор.

Бейнежазбадан расымен де жүк көлігінің ішінде ұзыннан жайылған дастархан бен ас-ауқаттың қамымен салат турап тұрғын бірнеше әйелді көруге болады.

Автор өз сөзінің дәлелі ретінде ауызашар кезіндегі видеоны да парақшасына жариялады. Онда жүк көлігінің ішінде жайылған дастархан басында отырған бірнеше қонақ ән шырқайды.

Бейнежазбаны көрген желі қолданушылары кез келген жағдайдан жол тауып кететін шымкенттіктердің пысықтығына тәнті болып, ниет еткен жандарға ниеттері қабыл болуын тіледі.

«Не шықса да Шымкент шығады деген осы», «Ниетің тура болса, ештеңе де кедергі емес», «Алла ниеттеріңізді қабыл етсін», Күшті, үйі тар адамдарға жақсы идея екен», «Біткен соң үстелден тұрмай үйлеріне апарып тастаса болады екен ғой,» «Керемет, әрекетке берекет деген осы», «Ақылдарыңнан айналдым», «Мобильді банкет залы», «Кеше осы «фураны» көріп, неге тұр деп ойлап едім», «Мүмкін емес ешнәрсе жоқ», «Керемет-керемет» деп жазды желі қолданушылары.