Қазақстанда газды сатып алудың жаңа формуласы жасалды. Бұл сектордың инвестициялық тартымдылығын арттырып, салаға қосымша қаржы құюға ынталандырады. Яғни, жаңа ұңғымалар қазылып, игерілмеген кен орындарын барлау жұмыстары жандануға тиіс.
Жер қойнауын пайдаланушылар Астанада бас қосты. 300-ге жуық сала маманы қатысқан форумда газ сатып алудың жаңа формуласы таныстырылды. Сондай-ақ жиында отандық газ өнеркәсібінің баға белгілеу және рентабельділік мәселелері талқыланды. Өзгерістер тауарлық газдың қосымша ресурстарын ашуға түрткі болады,- дейді мамандар.