Келестік әкім республикада үздік атанды

66

Келес ауданына қарасты Бірлесу ауылдық округінің әкімі Қарашаш Еркінбекова Қазақстан Республикасының «Bilim-orkenietі» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен өткен патриоттық байқауда республика бойынша «Жылдың үздік ауыл әкімі» номинациясын иемденді. Келестік әкімге аталған жүлдені Астана қаласында өткен жиында табысталды.

Қарашаш Еркінбекова Түркістан облысы бойынша санаулы әйел әкімдердің бірі болып табылады. Ол Бірлесу ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман, іс басқарушы және әкім ретінде қызмет атқарған. 2003 жылы қатардағы маман болып қызметке қабылданып, кейінен ауыл әкімі қызметіне тағайындалған.
Жалпы еңбек өтілі 20 жылды құрайтын Қарашаш Маханбеталиқызы 3 ұл, 1 қызды тәрбиелеп өсіріп, жоғары білімді еткен. 2019 жылы аудандық мәслихаттың депутаттарының басым сеніміне ие болып, содан бері Бірлесу ауылдық округінің әкімі қызметінде жұмыс атқаруда.
Айта кетейік, өткізілген іс-шараның мақсаты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру және Тәуелсіздіктің қастерлі де, киелі ұғым екендігін, тәуелсіздіктің баянды болуы үшін ұлттық бірегейлік пен бірліктің маңыздылығын қоғамға түсіндіру, сонымен қатар Мемлекеттік қызметте кәсіби іскерлік танытып, елдік істерде шашау шығармай лайықты қызмет атқарып жүрген ауыл әкімдерінің еңбектерін қоғамға кеңінен насихаттау, жастарға үлгі ету болып табылады.