Полицейлер диктант жазды

61

Түркістан облысы Полиция департаментінде Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму, Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім министрліктері, жергілікті атқарушы органдарының ұйымдастыруымен, мамыр мерекелері мен Жеңіс күні қарсаңында, «Еркін ел ұрпағы» атты жалпыұлттық патриоттық диктанты өткізілді.

Диктант жазуға қатысқан полицейлер қазақ тілін жетік меңгергенін, іс құжаттарын сапалы, дұрыс орындауға дағдыланғанын көрсете алды.
Жалпы диктант жазудың мақсаты-еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігін дәріптеу, ұлттық құндылықтар мен ұлттық мұраттарды бойына сіңірген патриоттық рухтағы ұрпақ тәрбиелеу. Қазақстандықтардың мемлекеттік тілді білу деңгейлерін анықтау, мемлекеттік тілде сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру.