Түркістан облысы, Төлеби ауданының әкімі Телғараев Төлеген Тұртайұлының тікелей бастамасымен қасиетті Құрбан айт мерекесі қарсаңында аудан жұртына мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында халықты тегін тасымалдау шарасы ұйымдастырылды.
Автобус паркінің басшысы Ғалымжан Жұматұлы осы игі бастамада қолдау көрсетіп атсалысты. Шара мерекенің алғашқы күнінде орталық «Нұр» мешітінен бастау алып күні бойына халықты тегін тасымалдады.
Ауданның бас имамы Үсен Саурбаев аталмыш шараға ат салысқан барша жомарт жандарға алғысын айта отырып, дұға етті.