«Qnet LTD» қаржы пирамидасының ұйымдастырушысы жазадан құтылып кетті

57
фото Ұлысмедиа

ҚМА аумақты Департаменті қызметкерлері анықтағандай, күдікті азаматтарды «Qnet LTD» қаржылық пирамидасына тарту үшін Қостанайда кеңсе ашып, жеңіл табыс табуды белсенді түрде жарнамалаған.

 30-дан астам адам қылмыстық әрекеттердің құрбаны болды. Күдіктінің қылмыстық ісін тергеп-тексеру барысында жәбірленушілерге 36,5 миллион теңгеден астам шығын толық көлемде өтелді, осыған байланысты тараптардың татуласуына байланысты тергеу тоқтатылды.

QAINAR KÓZҚР ҚМА Баспасөз қызметі