«Қызыма үшеуі жабылды». Кентауда жас қыздар төбелесіп, бірі ауруханаға түсті

326

Түркістан облысы Кентау қаласында кәмелет жасына толмаған қыз ауруханаға түсті. Оның анасының айтуынша, қызына үй ауласында үш қыз жабылып, соққының астына алған.

Оқиға маусымның 15-інен 16-сына қараған түні болған. Полицияға жас қыздың дене жарақатымен аураханаға түскені туралы ақ халаттылар хабарлаған. Бұл факт Кентау қалалық полиция басқармасында тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, екі жас қыз сөзге келіспей, араларында жанжал туындаған. Содан оның бірі жарақат алған.

Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады. Болған оқиғаның толық мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар жәбірленуші қыздың орталық аураханаға жабық бас ми жарақаты диагнозымен түскенін хабарлады. Қазіргі таңда ол травматология бөлімінде ем қабылдауда. Жағадайы орташа ауырлықта.