Шымкентте көңілді және креативті жүргізушісі жұмыс істейді. Марат Бикмуллин № 149 және №55 бағыттағы автобустарда жолаушыларды тасымалдайды. Адамдарға қуаныш сыйлау оның балалық арманы екен. Қандай да жағдай болмасын ол әрқашан сыпайы. Автобус салоны да үнемі таза.
«Біз 55-маршруттың жолаушылары өте бақыттымыз»,- дейді Гүлжан Қуантаева. Себебі, автобус салонында әрқашан мейірімді атмосфера. Ешкім өз аялдамасын жіберіп алмайды, өйткені жүргізуші әрбір аялдама жайлы хабарлап, төлем жасау керектігін еске салады. Ал қоғамдық көліктің ішіне бақыт, жақсылық және қамқорлық жайлы дәйексөздер ілінген. Мұндай жүргізуші қандай құрметке болса да лайықты, дейді Ынтымақ-2 тұрғын алабының тұрғыны.
Гүлжан Қуантаева, Шымкент қаласының тұрғыны:»Мен күн сайын таңертең және кешке осы №55 автобусқа отырамын . Жүргізушінің аты кім екенін білмеймін. Бізге берген қуанышы үшін оған көп рахмет. Автобустың іші әрдайым таза, көңілді музыка ойнайды. Салонға кіргенде сіз барлық проблемаларыңызды ұмытып кетесіз.Барлық жағынан жағдай жасалған. Адамдарға жақсылық жасауға тырысатын адамдар әлі де бар екені қандай керемет».
Қоғамдық көлік жүргізушісі Марат Бикмуллин 40 жылдан астам уақыттан бері жұмыс істейді. Әскерден кейін көлік компаниясына жұмысқа орналасқан ол өз кәсібіне адал. Қоғам ортасында болып, адамдармен жұмыс істегенді жақсы көремін деген жүргізуші, 40 жылдан бері жұмыс орнын ауыстырмаған.
Марат Бикмуллин, №55, 149 автобус жүргізушісі:»Мен өз жұмысымды жақсы көремін. Бұл менің балалық шақтан арманым. Сондықтан мен еңбегімді бағалаймын, жолаушыларды құрметтеймін, Адамдармен араласқан маған ұнайды. Адамдарға қуаныш сыйлағым келіп тұрады. Олар автобусқа мінгенде бірден қуанады. Қала тұрғындары, қонақтары болсын Шымкентте жұмысын жақсы көретін жүргізушілер барын білуі тиіс»
№ 55 автобус салонында мұңайған, наразы адамдарды көрмейсің. Барлығы мейірімді және сыпайы. Өйткені, Марат Бикмуллин, дәл осындай көңіл-күйді сақтап қалу үшін барынша тырысады. Жолаушылар да өз кезегінде жүргізушіге алғыс білдіруден жалыққан емес.
Марина, жолаушы:» Көңілді. Қызықты және ерекше. Креативті жүргізушіге , көңілді болып қала берсін және ең бастысы қауіпсіздік ережелерін сақтасын. Отбасына амандық тілеймін».
Біздің бүгінгі кейіпкеріміз адам бойындағы мейірімді бағалайды. Себебі, өмірде оны отбасы, екі ересек перзенті, тату ұжымы мен Шымкент тұрғындары әрдайым қолдайды