Зейнетақы қорындағы жинағын емделуге, баспана сатып алуға жұмсауға болады

53
фото Информ.кз

Ағымдағы жылдың шілде айынан бастап зейнеткерлер БЖЗҚ-дағы жинағын емделуге немесе баспана сатып алуға жұмсауына әбден болады. Әрине, барлығы емес.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша мұндай мүмкіндікті 75 мың қария пайдалана алады. Олардың шоттарында жалпы алғанда 120 миллиард теңге бар.

Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін зейнеткер интернет-платформа арқылы Отбасы банкіне немесе екінші деңгейдегі банктерге, ал емделу мақсатында тек Отбасы банкіне жүгінуі тиіс.