Абай ауданында 14 ойын алаңшасы салынуда

20

Шымкенттегі Абай ауданында 14 ойын алаңшасының құрылысы жүріп жатыр.

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданына қарасты Самал-3 шағынауданына барды. Мұнда шаһар басшысы шағынауданның А.Әбдраманов көшесінде жаңадан бой көтерген балалар ойын алаңшасының құрылыс барысымен танысты.

Мердігер мекеме “Ынтымақ Бес Арыс” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тарапынан салынып жатқан ойын алаңшасына мемлекет есебінен 23,5 миллион теңге бөлінген. Мекеме басшысына құрылыс жұмыстарын кестеге сай уақытылы тапсыру жүктелді.

Одан бөлек Абай ауданы аумағындағы 14 мекенжайда балалар алаңшасы және 3 шағынауданда спорт алаңшасы орнатылуда.
Айта кетсек, Самал-3 шағынауданында бүгінде 27 мыңнан астам халық тұрады. Жалпы шағынаудан 100 пайыз ауыз су, электр жарығы, табиғи газ және талшықты интернетпен қамтылған. Сондай-ақ биыл 14 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі.