Бәйдібек ауданында балалар жазғы демалысын тиімді өткізіп жатыр

85

 «Сәлеметсіз бе, жаз!» дәл осындай атаумен Бәйдібек ауданында қылқалам шеберлері арасында байқау өтті. Шараның басты мақсаты оқушылардың жазғы демалысын көңілді әрі тиімді өткізу. Сондықтан аймақтағы өнер және саз мектебінде қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

Бәйдібекте ашық аспан астында қолөнер көрмесі мен «Сәлеметсіз бе, жаз!» сурет байқауы ұйымдастырылды. Шара барысында он саусағынан өнер тамған жастар өздерінің моншақтан, киізден жасаған түрлі туындыларын алып келіп, тұрғындарға назарына ұсынды.

Аяжан Қыдырәлі, қолөнерші, «Бұл қазіргі трендте жүрген сөмке. Қыздар оны мерекелерде ұстауға болады. Тек 2 ғана заттан жасалған сөмке, әрі әдемі, әрі ыңғайлы»

Оқушылардың демалысын тиімді өткізуге бағытталған шарада жергілікті ұстаздар балаларға зергерлік бұйым жасау, тақия тігу, киіз басудан шеберлік сабағын өткізді. Мұның басты мақсаты жастардың санасына ұлттық өнер түрлерін сіңіру.

Ләззат Тәжиева, О.Тайманов атындағы өнер және саз мектебі» директоры: «Көрмеміздің мақсаты балалардың шығармашылық деңгейлерін шыңдау. Өздеріңіз көріп тұрғандай бұл оқушылардың өздері жасаған бұйымдары.Мұнда балалар қандай білім алды, нені үйренген оны осы көрмемізде көрсетуде»

Жарыс соңы концерттік қойылымға ұласып, жергілікті өнерпаз жастар ән мен жырдан шашу шашты. Ал бастауыш сынып оқушылары асфальтқа түрлі-түсті бормен сурет салып, қазылар алқасының зор ықыласына бөленді.