Биыл 60 мың абонент кәріз жүйесіне қосылды

45

Шымкентте 81 шағынауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген. Биыл Мирас және Шапағат-2 шағын ауданын кәріз жүйесімен қамту жоспарланған.

Қазір 50,4 шақырым құбыр 50,4 шақырым құбыр жүргізіліп жатыр. Нысан 80% аяқталды. Құрылыс процесіне 30 жұмысшы, 7 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар биыл Тассай, Тұранның ішкі жүйесі, Қайтпас-2, 112-орам, Бозарық шағын аудандары кәріз жүйесіне қосылады.

60 мыңға жуық абонент орталықтандырылған канализацияға қол жеткізеді. Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60 % -дан 65 % -ға артады.