«Kausar Travel» туристік фирмасының директорына қатысты сот басталды

Шымкентте «Kausar Travel» туристік фирмасының директорына қатысты сот процессі басталды. Іс Мамандандырылған ауданаралық сотта ашық тәртіппен қаралуда. Сотта туристік фирмаға алданып қалдық деген 229 адам куәлік етеді. 

Шымкентте «Kausar Travel» турфирмасының директорына қатысты сот процесі басталды. Мамандандырылған ауданаралық сотта қажылық жасау үшін тур сатып алып, алданып қалғандар туралы іс ашық түрде қаралып жатыр. Айыпталушы – 200-ден астам адамды алдады деген күдікке ілінген «Kausar Travel» компаниясының директоры.

Соттың бірінші отырысында сотталушы айыптау актісін алмауына байланысты онымен танысу үшін оған уақыт берілген. Бүгінгі өткен екінші отырыста 25 жәбірленушіден жауап алынды. Жалпы іс бойынша, бір сотталушы, 229 жәбіренуші, 9 куә бар. Сотталушы жәбірленушілердің ұшуына байланысты виза ісімен айналыспағанын айтты.

«Мен Алматыға келгенде ғана, осындай жағдай болып жатқанын білдім. Визамен мен айналыспадым, Ілияс деген жігіт бар, сол айнылысты, фамилиясы есімде жоқ»,– деді сотталушы.

Айнель Орақбаева, судья: «Сіздердің барлық түбіртектеріңіз, суреттеріңіз айғақ ретінде тіркелген. Сіздердің құқықтарыңыз бен міндеттеріңізді түсіндірдік».

Істің қаралу кестесі бекітілді. Енді әр аптаның дүйсенбі күні кестеге сәйкес 30 адамға дейін жауап алу жоспарланып отыр. Айта кетейік, шулы оқиға осы жылдың қаңтар айында болған еді. Онда қасиетті қажылыққа барып парыз өтейміз деп туристік фирмаға алдандық деген тұрғындар Шымкент және Алматы қалаларында жиналып, полицияға арыз жазған болатын.

Ал іс, ҚР ҚК -нің 190-бабынының 3-бөлігі 1,3- тармақтырмен, яғни, бір немесе оданда көп адамға қатысты ірі мөлшерде алаяқтық жасау бойынша қаралып жатыр.