Несиеңізді уақытылы төлей алмай жүрсіз бе? Заңгер кеңесі

927

Сіз банк немесе микроқаржы ұйымдарынан несие алдыңыз делік. Алайда қаржы тапшылығына немесе өзге де себептерге байланысты қарызыңызды төлей алмай жүрсіз бе? Не істеу керек?

Редакция заңгері Венера Нұрғалиқызы несиесін уақытылы төлей алмаған тұрғындарға өз кеңесін ұсынады.

Егер сіздің банк алдындағы берешек қарызыңыз 30 күннен асып кеткен жағдайда, сіз сол банкке барып арыз жазғаныңыз дұрыс. Алайда өз арызыңызда не себепті берешек қарызыңызды төлей алмай жатқаныңыз жайлы дәлелді себепті көрсету керек. Банк өз тарапынан 15 күн ішінде сізге қабылдаған шешімі жайында жауап беруі тиіс.

«Сіз банкпен бір мәмілеге келе алмаған кезде, яғни, несие беруші келісімшарттың міндеттерін өзгертпейміз деген шешім қабылдаса, ондай жағдайда банк сотқа дейінгі шараларды қолдануға құқылы»,-деді заңгер.