ЕАЭО кеңесінің кезекті отырысы Арменияда өтеді

22
фото Толқын

Ереванда Еуразиялық экономикалық одақтың үкіметаралық кеңесінің кезектен тыс отырысы өтеді. Бұл туралы Арменияның сыртқы істер министрлігі мәлімдеді.

Отырысқа одаққа мүше елдердің үкімет басшылары қатысатыны атап өтілді.
«Еуразиялық үкіметаралық кеңестің кезектен тыс отырысы 24 тамызда Арменияда өтеді», — делінген министрлік хабарламасында.
Айта кетейік, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің бұған дейінгі отырысы 8 маусымда Сочиде өткен болатын.