Президент қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады

42

Бүгін елімізде Абай күні атап өтіледі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша қазақстандықтарды Абай күнінмен құттықтады.

Президент құттықтау сөзін Twitter парақшасында жариялады.

«Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз», – делінген жазбада.

Еске салсақ, бұл күн Үкімет қаулысымен 2020 жылы қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абайдың 175 жылдығында белгіленген болатын.