Úı ANONS Сырдария өзенінде суға батып кеткен тағы бір адамның денесі табылды

Сырдария өзенінде суға батып кеткен тағы бір адамның денесі табылды

Отырар ауданындағы Сырдария өзенінде суға батып кеткен  тоғызыншы адамның денесі табылды.

Облыстық ТЖД мәліметінше, құтқарушылар бүгін сағат 12.25-те 25 жастағы адамның денесін судан алып шыққан. Қазіргі таңда суға батқан 11 адамның 9-ының денесі табылды. Оның үшеуі әйел, алтауы кәмелет жасына толмаған бала. Марқұмдардың барлығы бір әулеттің адамдары. Олардың ең үлкені — 40 жаста болған.

Кәмелет жасына толмаған тағы 2 баланың денесін іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Оқиғанын мән-жайын Түркістан облысының Полиция департаменті анықтауда.

Еске салсақ, 21 тамызда кешкі сағат 6-лар шамасында Отырар ауданы Көксарай ауылынан 3 шақырым жердегі Сырдария өзенінде ағайынды төрт отбасының 11 адамы суға батып кеткені туралы белгілі болды.