Елімізді Тәжікстан Республикасының мәдениет күндері өтіп жатыр. Соған орай Шымкентте тәжік ұлттық өнерін паш еткен керемет концерт ұйымдастырылды. Шара барысында өнерпаздар дәстүрлі ән-күйден шашу шашып, ұлттық киімдерін дәріптеді.
Тәжік елінің өнерпаздары Шымкент аспанын әсем әнге бөледі. Керемет концерт Тәжікстанның Қазақстандағы мәдениет күндері аясында өтті. Қонақтар шығыс өнерін паш етіп қана қоймай қазақ әндері мен ұлттық биін билеп халықтың ыстық ықыласына бөленді.
Концертте өнерпаздар сырнай, дутар, танбур, рубаб сынды ұлттық аспаптарының сүйемелдеуімен дәстүрлі әндерді шырқады. Опера және балет театрының әншісі Ватанамир Карими Шымкентке осыдан 10 шықты жыл бұрын келіпті. Ол гүлденген қаланы көріп, таңғалысын жасыра алмады.
Ватанамир Карими, Тәжік мемлекеттік опера және балет театры әншісі: «Мен Қазақстанға 4 рет келдім. Шымкентте де болдым. Биыл сәті түсіп, қайта Шымкентке келіп, Тәжікстанның мәдениет күндеріне орай ән шырқап жатырмын. Мұнда келіп таңғалдым. Тіпті Шымкентті танымай қалдым. Бәрі өзгеріп кеткен. Бәрі жаңа, заманауи, мен келген кезде мүлде басқа еді. Біздің делегацияның өнері жергілікті тұрғындарға ұнады деген ойдамын»
Салтанатты кешке қала әкімі мен Тәжікстандық делегация өкілдері қатысып, шығыс өнерін тамашалады. Сонымен қатар шара барысында бауырлас елдің ұлттық киімдері көпшілікке таныстырылды.