Жетісайда жаңа медициналық орталық салынады

25

Жетісай ауданында жеке инвестордың есебінен құны 7 млрд. болатын медициналық орталық салынады. Яғни, 3 гектар жерге емхана мен көпбейінді реабилитациялық кешен бой көтеретін болады. Жоба іске қосылған соң мекеме 800 келушіні қабылдайтын болады.

Ернұр Қоңырбаев, «Al-Razi Medikal» ЖШС директоры: «Біздің емхана  4800 шаршы метр, ол 2 этажды болады. Оңалту орталығы  5 этаж болады. Ол 3600 квадрат, 5 қабат әкімшілік бөлім   болады. Бірінші этажда ЛФК, массаж, онкология бәрі болады. Ал  диагностикалық клиникада, КТ, МРТ,УЗИ бәрі өзіміздікі болады. Қаражат өзімізден шығады».

Ғимарат пайдалануға берілген соң мұнда 200 жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ, 96 орынға арналған оңалту мекемесінде жоспар бойынша физиотерапия, онкология, инсульт орталығы, жарақат бөлімшелері бар. Екі қабаттан тұратын ғимараттың жалпы аумағы 5 мың шаршы метр.

Айта кетейік, қазіргі уақытта оңтүстік өңірде медициналық нысандардың санын арттыру басты назарға алынған. Мұның барлығы халықтың өмір сүру ұзақтығы мен сұранысына сай жасалып отыр.