Бүгін Шымкентте әкім ауысады деп күтілуде

152
фото Шымкент мәслихат

Бүгін Шымкентте қалалық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сессиясы өткізілгелі отыр. Онда халық қалаулылары қаланың жаңа әкімінің кандидатурасын келісетін болады.

Бұл туралы хабарландыру Шымкент қаласы мәслихатының сайтында жарияланды. Кездесу бүгін яғни, 5 қыркүйек күні сағат 15:00-де өтеді.

Күн тәртібінде Шымкент қаласының әкімін тағайындауға келісім беру мәселесі қаралмақ. Еске салайық, Мұрат Әйтенов Шымкент қаласының әкімі болғанына 3 жылға жуықтады. Оңтүстік мегаполистің жаңа әкімі кім болатыны туралы алдағы уақытта хабарлайтын боламыз.