«Өзіміз ғой Арай»: Қаржы пирамидасын құрған күдікті құрықталды

34
фото Спутник.кз

Қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша істі ҚМА Қарағанды облысы бойынша Департаменті тергеп жатыр. Тергеу барысында анықталғандай, Қарағанды облысының тұрғыны бұрын қаржы пирамидасы арқылы халықтан ақша жинағаны үшін сотталған, ол жеке тұлғалардан 50%-дан 300%-ға дейінгі мөлшердегі төлемдерді уәде ете отырып, 1 күннен 3 күнге дейінгі мерзімге 50 мыңнан 300 мың теңгеге дейін көлемінде қаражат тарту арқылы WhatsApp және Telegram мессенджерлерінде чат құрған. Ақша банктік қосымша арқылы аударылған.

Күдікті ұсталып, оған қатысты 2 ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала тергеулер «Өзіміз гой Арай» чатында 100-ден астам қатысушыны анықтады, қазіргі уақытта «Люкс чат», «Чек чат Люкс 100%», «Вклад чат 50%» деп аталатын чаттардың салымшыларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.