Түркістан облысында құрылысқа салғырт қарағандарға 70 млн. теңге айыппұл салынды. 1 айдың өзінде 9 млн-нан аса айып төлемі жазылған. Олқылықтың басым бөлігі аудандарда орын алған. Сондықтан өңір басшысы құрылыс нысандарын сынға алды.
Сайрам ауданында кәсіпкер жобалық-сметалық құжаттамасын бекітпестен спорт кешенін тұрғызған. Сондықтан құрылтайшыға шара көрілді. Ал жыл басынан бері құрылыс саласында заң бұзғандарға 70 млн. теңге айыппұл салынды. Тамыз айының өзінде ақшалай айып көлемі 9 млн-нан асты. Жауапты мамандар тыңғылықты тексеріс жүргізіп жатқанын айтады.
Айдос Исмаилов, Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқарма басшысы: «Сайрам ауданында Мырзакаримов сараптаманың оң қорытындысын алмастан спорт кешенін аяқтаған. Бұған ӘҚБК-нің 316, 463 бабымен 200 АЕК негізінде айыппұл салынды. Қазығұрт ауданында дүкенде олқылық тіркеу барысында анықталды. Техбақылаушы, мердігерге шара көріліді».
Сарыағаш ауданында олқылық 17 ғимараттан табылған. Ал нысан құрылысы бойынша Шардара, Бәйдібек, Отырар, Келес, Созақ, Жетісай аудандары және Арыс қаласы әкімдіктерінде жұмыс жүргізу көрсеткіші төмен. Сондықтан өңір басшысы жүргізілген құрылыс нысандарын сынға алды.
Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: «Барлық үй пенопласттан салынған. Сыртының бояуының бәрі айнып кеткен. 1 жыл болмады құлап жатыр. Техбақылаушы заңсыз құрылысты жіберсе, олардың лицензиясынан айырыңдар. Ал олардың лицензиясын ХҚКО-да бере береді деп жатсыздар ғой. ХҚКО-мен жұмыс істеңіздер. Ал санаторийде жол бойындағы ағаштарды қырғып тастаған. Соны бақылауға алыңыздар. Нысан салынбаса салынбасын, ағаштарды қырықпаңыздыр»
Айта кетейік, биыл заң талаптарын сақтамаған 8 тұрғын үй, 2 мектеп және 1 инфрақұрылым желілеріне қатысты шара көрілді.