«Отпен ойнаған»: Шымкентте балконы өртенген пәтерден екі бүлдіршін құтқарылды

535

Шымкентте көпқабатты үй пәтеріндегі балкон отқа оранды. Оқиға кеше, 10 қазанда Қ.Төлеметов көшесінде болған.

Өрт туралы Төтенше жағдайлар департаментінің «101» диспетчерлік қызметіне сағат  16:02-де хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына тез арада 7 өрт сөндіру техникасы, жеке құрамнан 37 адам жіберілген. Пәтердегі балконда үй заттары жанып, салдарынан үй қара түтінге толғаны анықталған.

Өрт сөндірушілер қызыл жалынды сағат 16.24-те толығымен сөндірді.

«№5 өрт сөндіру бөлімінің аға өрт сөндірушілері Марат Әліпбаев және Арман Махмұт қою түтінге оранған пәтер ішіннен 4 және 5 жасар екі бүлдіршінді қауіпсіз жерге тез арада алып шығып, жедел-жәрдем бригадасына тапсырды. Алдын ала болжам бойынша балалар отпен ойнап, өрттің шығуына себепші болған» делінген ТЖД мәліметінде.