Шымкентте мектеп оқушысын көлік қағып кетті. 9 жасар бала оқиға орнында көз жұмды.
Жол-көлік оқиғасы 7 қазан күні күші кешкі сағат 18.45 шамасында Арғынбеков көшесінің бойында болған. BMW-530 автокөлігінің жүргізушісі кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Polisia.kz жазуынша, істің мән-жайын анықтауға Шымкент қаласы ПД-ның анықтаушылары мен криминалистері дереу жеткен.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан бұзуы) бойынша тіркелді. Қажетті сараптамаларды тағайындалып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта іс сотқа жолданатын болады.