Шымкентте сарбаздар әскери бөліммен қоштасты

46

 

 

Мерзімді қызметтің 132 сарбазы Шымкенттегі «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының механикаландырылған бригадасының ұжымымен қоштасып, алдағы күндері бөлімнен үйлеріне қайта оралады. Осы іс-шараның құрметіне бригаданың саптық алаңында салтанатты митинг өтті.

Бөлімнің барлық жеке құрамы саптық алаңда жиналып, қызмет еткен жігіттерге көпке үлгі болғаны үшін «Алғыс» айтты.
«Бригада түзел, Тік тұр! Ортаға сап түзе», – деп мерекелік іс-шараны бөлім командирінің орынбасары, подполковник Айдос Әділжанұлы Исаев бастады.

Осыдан кейін, Ту ұстаушы тобы мен құрметті қарауыл взводы саптық алаңға бөлімнің жауынгерлік туын алып шықты. Борышын аяқтаған жігіттер үшін бұл сәт ерекше жағымды болды. Мерекеден кейін сарбаздардың айтуынша, олар саған нағыз дос болған адамдармен қоштасу қаншалықты қиын екенін сезінді.
– Соңғы 12 айда сіз елге өз күшіңізді, біліміңізді, уақытыңызды бердіңіз. Оның орнына сіз тәжірибе мен даналық алдыңыз деген үміттемін, − деп атап өтті Қарулы Күштер ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы полковник Серікбай Оңбаев.

Шексіз қуаныш күрсінумен араласқан жауынгерлер соңғы саптық қадамдарын жасап, құжаттарын, грамоталары мен мінездемелерін алу үшін командирлеріне біртіндеп келді.
– Әскери қызметтің басында маған отбасысыз өте қиын болды. Қызметте отбасыны ғана емес, олармен бірге болған уақытты, адалдықты және шынайы достықты бағалай бастадым. Мен дәл осы бөлімде болғаныма қуаныштымын, – деді қатардағы жауынгер Айбек Берденов.

– Жігіттермен қоштасу әрқашан өте қиын, бірақ біз олардың жүрегінде қызмет уақытына деген жылу қалады деп үміттенемін. Қанша уақыт өтсе де, олар қоңырау шалып, бөлімнің өміріне қызығушылық танытатындығымен расталады, – деді батальон командирінің орынбасары капитан Жасұлан Жанболат.
Офицерлермен қол алысу, алғыс пен сыйлықтар. Мерзімді қызмет бітті, артынан тек әскери ғана емес, сонымен қатар кәсіби маман ретінде де үлкен тәжірибе қалды. Мерзімді қызметте бір жыл ішінде сарбаздар көптеген оқу жаттығулардан, шерулерден және дабыл бойынша көтерулерден өтті. Күн сайын жігіттер рухты ғана емес, денені де күшейтті. Сонымен бірге, жауынгерлер ҰБТ-ны есептемей елдің жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндік алды, ал қызметте үздік нәтиже көрсеткендерге жоғары білім алуға тегін мүмкіндік берілді.

Естеріңізге сала кетсек, еліміздің 70-тен астам университеті қорғаныс ведомствосымен мерзімді қызметті өтегендерге тегін жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум жасасқан болатын.