Түркиямен іскерлік қарым-қатынас артып келеді

8
Бизнес-конференция

Түркия кәсіпкерлері Қазақстанда бизнес ашуға ниетті. Елордада екі ел кәсіпкерлері мен экономистері бас қосып, көптеген мәселелер талқылады. Инвесторлардың айтуынша Қазақстан кәсіп ашуға қолайлы, қауіпсіз ел.

Сондықтан екі ел арасындағы экономикалық байланыс үзілмеуі керек. Шарада Түркиялық кәсіпкер Фатих Омюр Алматы халықаралық әуежайында вице-президент болып 2 жыл жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Бүгінде жобаға 700 миллион доллардан артық ақша салынған. Инвестор бұл шешімге еш өкінбейтінін де айтты.