Қазақстан Республикасының Үкіметі Шымкент қаласын дамытудың 2035 жылға дейінгі жаңа бас жоспарын бекітті. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.
Еліміздің ірі өнеркәсіп, сауда және мәдени орталықтарының бірін кешенді дамыту аясында тұрғын үй құрылысының көлемі ұлғаяды, жаңа өндіріс аймақтары, айналма темір жол тармағы және өткізу қабілеті тәулігіне 20 мың жолаушы болатын вокзал ашылмақ.
Және өнеркәсіп аумақтарын жаңғырту мәселелеріне көп көңіл бөлінеді. Олардың аумағын 2035 жылға дейін жаңа индустриялық аймақтарды салу есебінен 5 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр. Онда перспективалы 14 өнеркәсіп кластері дамитын болады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 2035 жылға қарай қаланың әлеуметтік-экономикалық салаларында 1 млн-нан астам жұмыс орны болады деп күтіліп отыр.