Үкімет бизнесті дамыту бағытында жұмыс атқаруда

17
«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл 17 жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкімет бизнесті дамытуға қандай жағдай жасап жатқанын айтты. Айтуынша, үкімет әкімшілік жүктемені азайтып, қолдау көрсету арқылы бизнесті жүргізу жағдайларын жақсарту бойынша жүйелі іс-шараларды іске асырып жатыр. Елде үш жыл бойы шағын және микробизнеске тексеріс жүргізуге мораторий қолданылды.

«Таза парақтан реттеу» қағидаты сәтті енгізілуде. Өзекті емес 10 мыңнан астам талап анықталды, оның 9 мыңы заңға тәуелді деңгейде алынып тасталды, ал қалғандары парламенттегi заң жобасы аясында жыл соңына дейін алынуы тиіс. Сондай-ақ тәуекелдерді басқару жүйесі автоматтандырылады, ол 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап адамның қатысуынсыз тексерулерді тағайындауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде бизнесті жоспарлы тексеру 2 есе және айыппұлдар саны бірнеше есе азаяды», – деді Қуантыров сенаттағы үкімет сағатында.
Айтуынша, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бағалауы бойынша үкімет бизнеске әкімшілік жүктемені азайту бойынша айтарлықтай прогреске қол жеткізді.
Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша «субсидиялау» құралы бойынша жеңілдетілген қаржыландыру шараларымен 669 млрд теңге кредит сомасына бизнестің 9 мыңға жуық жобасы және «кепілдік беру» құралы бойынша 270 млрд теңге сомасына 7 мың жоба қамтылды.