Заңсыз жер қойнауын пайдаланушылар 32 миллион теңге залал келтірген

20

Заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілеріне жол бермеу жөніндегі тапсырмаларды орындау мақсатында Түркістан облысының полиция департаментінде тәжірибелі полицейлер қатарынан арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Түркістан облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралар кешенін өткізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары Жетісай ауданының аумағында заңсыз жер қойнауын пайдаланумен айналысқан Түркістан облысы мен Шымкент қаласының 4 тұрғынын анықтады.
Олардан 1 жүк тиегіш және «Хово»маркалы 12 жүк автокөлігі тәркіленді. Автокөліктер тұраққа қойылды.
Қазіргі уақытта олардың құмды заңсыз өндіруге қатысы бар екендігі дәлелденді, ал келтірілген шығын шамамен 32 миллион теңгені құрады. Бүгінде ҚР ҚК-нің 334-бабы 2-бөлігі бойынша «жер қойнауын өз бетінше пайдалану» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жер қойнауын заңсыз пайдалану және табиғат қорғау заңнамасының талаптарын бұзу фактілерін анықтау мен жолын кесу бойынша жедел-профилактикалық іс-шараларды жалғастыруда.