Шымкент қалалық ТЖД «101» диспетчерлік қызметіне 2023 жылғы 1 қарашада сағат 22:52-те Қаратау ауданы, Нұрсәт-2 шағын ауданындағы көп қабатты тұрғын үйде өрт орын алғандығы туралы хабарлама келіп түсті.
Оқиға орнына алғашқы келген өрт сөндіру бөлімдері 7-ші қабаттағы кептіру бөлмесінде көлемі 4 ш.м. үй заттары жанғандығын анықтады.
Өрт сағ. 23:10-де оқшауланып, сағ. 23:22-де толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ.
Оқиға орнына Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру қызметінің 27 қызметкері, 5 техникасы және апаттар медицинасы орталығы филиалының бригадасы жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің тез және кәсіби түрде әрекет етуінің арқасында оқиға орнынан жалпы 7 адам құтқарылды, оның ішінде 4-уі бала.