Экс-сүйіктісінен 20 мың доллар талап еткен

37

Шымкенттік тұрғын ️интимдік видеоларын таратамын деп қорқытып, экс-сүйіктісінен миллиондар бопсалаған. Жәбірленуші бұрын бірге тұрған ер адамның өзін қорқытып жүргенін бірден полицияға хабарлаған. Арызданушының айтуынша, ер азамат оның интимдік видеоларын интернетке таратпау үшін 20 мың доллар талап еткен.

Бағлан Исатаева, Шымкент қаласы ПД баспасөз хатшысы: «Күдіктіні ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері талап етілген соманың 2 миллион теңгесін алу үстінде ұстады. Жайт бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды»

Құқық қорғаушылар мұндай жағдайларда дереу полицияға хабарлауға кеңес береді.