Шымкентке ҚМДБ-нан арнайы келген өкілдер «Қажының рухани келбеті» тұғырнамалық құжаты туралы айтып берді.
Аталған құжатты дайындаудағы басты мақсат – азаматтардың қажылық мәдениетін қалыптастыру. Тараудан тұратын кітапта қажылыққа рухани дайындық, қажылық мәдениетін сақтау және қажының рухани келбеті қандай болуы керек екендігі туралы кеңінен айтылады.
«Жалпы қажылық парызын өтеуге ниеттенген адам неге дайын болу керек, не істеу керек, нені білу керек? Қалай рухани және техникалық тұрғыдан дайын болу керек? Барлығы осы құжаттамада қамтылған. Бес парыздың бірі болған қажылық құлшылығын өтеп келген отандастарымыз қоғамда көркем мінезімен, өнегелі істерімен үлгі көрсетуге және қажы деген құрметке лайықты болу керек. Сол тұрғыдан алып қарағанда «Қажының рухани келбеті» тұғырнамалық құжатын ел арасында, жамағат ішінде кеңінен насихаттау қажет»,-деді ҚМДБ қажылық бөлімінің меңгерушісі Жанділла Бекжігітов.