Шымкентте табиғатты қорғау полициясы екі жүзден астам заңсыз ауланған құстарды босатты

10

 

Құқық бұзушылық жасаған 4 қала тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы бойынша жауапқа тартылды. Тәртіп сақшылары оларды профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында қаладағы Жабық базардың аумағынан анықтады. Мұнда заң бұзушылар пайызторғайларды сатып тұрған. Полицейлер торлардан 212 әнші құсты босатты.

Сондай-ақ, табиғатты қорғау полициясының инспекторлары Түркістан облыстық аңшылар мен балықшылар қоғамымен бірлесіп жүргізген рейд барысында жабайы үйректерді заңсыз аулаған азаматты анықтады.

Оған қатысты ӘҚБтК-нің 382 «жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау қағидаларын бұзу» және 484 баптары «азаматтық қару айналымы қағидаларын бұзу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Құқық қорғаушылар тұрғындарға заңсыз аң аулағаны үшін заңнамада көзделген жауапкершілік туралы еске салады және өңірдің экологиялық әл-ауқатын сақтауға, табиғат пен жануарлар дүниесін қорғауға шақырады.