Түркістан облысында жолдар жабылып, полицейлер тәуліктеп қызмет етуде

42

Бүгін 12 желтоқсан Түркістан облысында кешкі сағат 21:00 шамасында таулы аймақтарда және Бәйдібек ауданында бұрқасын жел басталып, аяз болуда.

Салдарынан Түркістан облысы Бәйдібек пен Түлкібас аудандарының аумағы, Батыс-Еуропа Батыс-Қытай трассасы, Қошқарата-Жарықбас-Бірлік, Шаян-Ағыбет-Шақпақ, Көксәйек-Ақсу-Мыңбұлақ бағытындағы жолдар жабылды.
Боран басталғаннан бастап патрульдік полиция батальоны бір сағатта жолда адасып кеткен бірнеше жеңіл көліктің жолаушыларын құтқарды. Сонымен қатар ауыр жүк көліктерінің қозғалуына көмек көрсетілді.
Тәртіп сақшылары тұрғындардың қауіпсіздігі үшін үздіксіз қызметті жалғастырады және тұрғындарға ұзақ жолға шықпауға кеңес береді.