Заңгер: «18-ге толған балаңыз ақылы оқуға түссе, алимент талап етуге құқылысыз»

373

Сіз балаңыз кәмелет жасына толғанға дейін заңды түрде ажырасқан экс-күйеуіңізден тұрақты түрде алимент алып отырдыңыз делік. Енді перзентіңіз оқу орнына ақылы негізде оқуға түсті.

Редакция заңгері Венера Нұрғалиқызының айтуынша, сіз оқу ақысы үшін баланың әкесінен алиментті әрмен қарай талап етуге құқылысыз.

Бұл туралы «Неке және отбасы» туралы заңның 141-бабында жазылған. Яғни, күндізгі оқу нысаны бойынша жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру жүйесінде оқитын 21 жасқа дейінгі балаларға күтіп-бағу қаражатын өндіріп алу алимент төлеу туралы келісім болмаған кезде сот тәртібімен  жүргізіледі. Алимент көлемін сот айқындап береді.

(Фото: m.123ru.net)