Жаңа жылдық сыйлықтар қауіпсіз болуы тиіс

61
фото ru.wallpaper.mob.org

Жаңа жыл жақындай бастағаннан адамдар бір-біріне сыйлықтар дайындайтыны белгілі. Алайда, сыйлықты сатып алар кезде қауіпсіздігіне бір сәт назар аудару қажет.
Сыйлықтарды тек ұйымдасқан сауда орындарынан ғана сатып алған жөн, өйткені сапасыз тауарға жолығу қаупі рұқсат етілмеген сауда орындарында күшейе түседі.

Сыйлық қорабының таңбалауында мынадай ақпарат міндетті түрде болуы тиіс:
— өнімнің атауы, өндіруші елі, өндірушінің мекен-жайы, импортеры, өндірушінің тауар белгісі;
— сыйлық құрамы, салмағы (нетто);
— өнімдерді дайындау күні және буып-түю күні;
— өнімдердің жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары;
— өнім құндылығының көрсеткіштері.
Жаңа жылға сыйлық ретінде тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін, кремдік кондитерлік өнімдерді, йогурттар, сүзбе ірімшіктерін, сүт өнімдерін ұсынбаған жөн.

Сыйлыққа берілетін ойыншықтарда өткір, жағымсыз, бөтен иіс болмауы керек. Ойыншықты ылғалды сүлгімен немесе саусағыңызбен сүрткенде, сүлгіге немесе саусағыңызға бояу жағылса, оны сатып алмаған жөн. Ойыншықтың үстінен қолмен жүргізген кезде, онда майысу, үшкір қырлары, қылаулары болмау керек.
Сыйлық сыртында таңбалануы толық жазылмаған жағдайда, сатушыдан ақпарат алуға болады. Сатушы Сізге толық әрі нақты ақпаратты беруге міндетті.

Жалпы мерекелік сыйлықтарды өзіңіз құрастырып жинауға кеңес береміз. Себебі, таңдаған сыйлығыңыздың сапалы әрі құрамының жақсы болуына сенімді боласыз.

 А. Ахметов,

Шымкент қ. СЭБД басшы орынбасары