Жол апатынан зардап шеккен ер адам ауруханада көз жұмды

37
фото ult.kz

Шымкентте Тәуке хан даңғылы мен Ж.Аймауытов көшелерінің қиылысында болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен ер адам ауруханада қайтыс болды. 1996 жылғы тұрғын 6 күн бойы комада болған. Көптеген сынықтар мен жарақттар алған ол екінші желтоқсан күні көз жұмды. Дәрігерлер ер адамның қайтыс болғанға дейін жағдайы өте ауыр болғанын айтады.

«Науқастың жағдайы келген бойда ауыр болып саналды, есі кома 2 болды. Келген бойда гемодинамикалық жағдайы тұрақсыз болды. Біздің стационарда науқас 6 күн жатты. Көрсетілген ем шараларға қарамастан науқас 2-сі күні қайтыс болды. Екінші науқас жаңағы науқастың жұбайы 1995 жылғы. Келген бойда жағдайы ауыр болып саналды. Реанимацияда екі тәулік ішінде барлық ем шаралар жүргізіліп отырды. Ем-шаралар нәтижесінде 28-і күні көптеген жарақаттар бөліміне ауыстырылды»,- деп мәлімдеді №1 клиникалық қалалық ауруханасының бөлім меңгерушісі Елдар Смағұлов.

Еске салайық, 26 қараша түнгі 03:00 шамасында Toyota Camry мен «Ваз-21093» автокөліктері соқтығысқан. Салдарынан қаланың ерлі зайыпты тұрғыны зардап шеккен еді. Өте ауыр жағдайда ер адам мен оның жүкті әйелі дереу жансақтау бөліміне жатқызылды. Жүкті әйел аман, оның өмірі мен сәбиінің денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Науқас бүгін амбулаторлық емге үйіне жіберілді. Айта кетейік, аяғы ауыр келіншек жүктіліктің оныншы аптасында.

Ал Тойота жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

«Шымкент қаласы ПД Анықтау басқармасы ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша «Абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтіруге әкеп соққан Жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу» фактісін тіркеді. Медициналық куәландыру нәтижелерін алғаннан кейін «Toyota Camry» жүргізушісі мас күйінде екені анықталды. 2 желтоқсанда «ВАЗ 21093″ жүргізушісі аурухананың реанимация бөлімінде қайтыс болды. Оқиға ҚР ҚК 345-1-бабы 3-бөліміне ауысыртырылды», — делінген Шымкент қалалық полиция департаментінің хабарламасында.