«Арзан пәтер алып беремін» деп тұрғынды құрығына түсірген алаяқ әйел құрықталды

33

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, өзіне таныс емес әйел мемлекеттік бағдарлама арқылы 2 бөлмелі пәтер алып беруге көмектесемін деп сендіріп, 450 мың теңгесін алған. Алайда әйел уәдені орындамай, телефонға жауап бермей ізін суытқан.

Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті.
Тәртіп сақшыларының атқарған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, жергілікті тұрғын ұсталып, басқармаға жеткізілді. Ол 33 жастағы бұрын алаяқтығы үшін сотты болған жұмыссыз әйел екені белгілі болды.
Тексеру барысында күдікті әйелдің тағы бір тұрғыннан алаяқтық жолмен ақша алғанын анықтады. Яғни, оғанда пәтер алып беремін деп жалған сөздерімен сендіріп, алған ақшаны бас пайдасына жаратқан.
Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.