Мектеп мұғалімін зейнеткерлікке 1-жыл қалғанда демалысқа мәжбүрлеп шығарған директор сөгіс арқалады

147
фото Шымкент қ. ББ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында білім басқармасының басшысы Шәмшиева Нұргүл шымкенттіктерді жеке мәселесі бойынша қабылдау өткізді. Өскенбаев Құралбек мектеп мұғалімі, зейнеткерлікке 1-жыл қалғанда дипломының сай келмеуіне байланысты уақытша жалақысы сақталмайтын демалысқа мәжбүрлеп жіберген.

1988 жылдан бері №122 мектепте еңбек пәні мұғалімі болып жұмыс жасап келген. Білім саласының басшысы мектеп директорына қатаң шара көретінін жеткізіп, мәселе оң шешімін тапты.
Албаева Гүлмира есімді қала тұрғыны жекеменшік балабақша директорының жұмысына шағым айтты. Егембай Шарипа мектепке орналасу үшін кокурсқа қатысып, сәтті өтіп алайда әлі жұмысқа қабылданғаны туралы бұйрық шықпағанына арызданды. Аталмыш сауалдар бойынша Нұргүл Ақылбекқызы тексеру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесін қосымша хабарлайтынын жеткізді.
Қалалық білім басқармасының басшысы тұрғындардың көп мәселесін дереу шешіп, сол мезетте сауалдарына жауап берді.