Төлебиде үшем дүниеге келді

45

Төлеби ауданына қарасты Көксәйек ауылдық округінің 40 жастағы тұрғыны Гаухар Бегалиева 1875, 1735, 2040 грамм екі қыз бен бір ұл босанды. Нәрестелердің салмағы — 1875, 1735, 2040 грамм. Облыстық перинаталдық орталықтан Нұрмаханбетовтер отбасы шаңырақтарына үлкен қуанышпен оралды.

Аудан әкімі Төлеген Телғараев, аудандық мәслихат төрағасы Нұрлан Қойбағаров отбасына арнайы іздеп барып, жақында дүниеге келген үшемге құтты болсын айтты. Аудан басшысы сәбилерге арба мен қажетті гигиеналық заттар сыйға тартты.
Жаңа туылған нәрестелерге Әлінұр, Айсана, Айлана есімдері берілді. Мерзімінен ерте туылған үшемдер медицина қызметкерлерінің көмегімен салмақ қосып, денсаулық жағдайлары жақсарған соң, перзентханадан шығарылған.
Бұған дейін бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған отбасы осылайша, көпбалалы жанұя қатарына қосылды. Анасы аудандық емханада медбике болса, әкесі №3 Көксәйек арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында санитар боп қызмет етеді.