Келес ауданында «Turkistan» кәсіпкерлер қызмет көрсету орталығының Келес аудандық филиалы «Бір терезе» қағидасы бойынша үш бөлім арқылы кәсіпкерлерге қызмет көрсетіп келеді. Өткен жылы аталған орталықтың консалтинг бөліміне 285 адам келіп, оларға 1425 кеңес берілген. Ал, рұқсат құжаттарын рәсімдеу бөлімінде азаматтарға 850 кеңес беріліп, 69 қызмет көрсетілген. Филиалдың жобаларды сүйемелдеу бөліміне 93 жоба жасалып, 65 жоба сүйемелденген.
Сонымен қатар, өз кәсібін дамытуға немесе жаңадан кәсіп бастауға ниетті аудан кәсіпкерлеріне және тұрғындарына арналған биыл 7 түрлі жеңілдетілген несие бағдарламалары жұмыс істеп тұр. Олар, «Кең дала» бағдарламасы – 5%, «Жастар» бағдарламасы – 2,5%, «Ауыл аманаты» бағдарламасы – 2,5%, «Бизнестің жол картасы – 2025»- 7%, «Қарапайым заттар эканомикасы» — 5%, «Агро бизнес» бағдарламасы- 7% және тың жобаларды жүзеге асырмақ болған азаматтар мемлекетік гранттар – 5 – 10 млн теңгеге дейін алуға мүмкіндігі бар. Бұл туралы Turkistan кәсіпкерлер қызмет көрсету орталығының Келес аудандық филиалының директоры Айнұр Муталиева мәлімдеді.
— «Turkistan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ-нің 2024 жылға арналған жоспарына сәйкес, Мемлекеттік бағдарламаларды сапалы түсіндіру үшін халықпен кездесу, сондай-ақ жергілікті әкімшілікпен тығыз байланыста жұмыс істеу үшін бекітілген жауапты мамандармен бірге семинар жиналыстар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Мұндағы мақсат — ауыл тұрғындарына сапалы кеңес беруді қамтамасыз ету болып табылады. Ағымдағы жылы жас кәсіпкерлерді қолдауға басымдық берілмек. Ол үшін әр ауылдық округінен 10 жобадан жалпы 120 жобаны жүзеге асырып, кәсіпкерлер санын арттыра отырып, оларға сапалы қызмет көрсетуді жоспарлап отырмыз, — дейді Айнұр Бақтыманқызы.
Айта кетейік, «Turkistan» кәсіпкерлер қызмет көрсету орталығының Келес аудандық филиалында қаржыландырушы компаниялардың өкілдері мен ұлттық дамыту институттары орналасқан. Яғни, осында келген кәсіпкер «бір терезе» қағидасы бойынша мазалаған сұрақтарының барлығына жауап ала алады. Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы бұл шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған бірегей институт. Орталық «бір терезе» қағидасы бойынша халыққа қызмет көрсетеді