Шымкентте жыл басынан бері 4 борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылған. Ал 3 азаматқа қатысты тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. 400-ге жуық азаматқа алимент төлемегені үшін іздеу жарияланды.
Шымкентте алименттен жалтарған 400-ден астам азаматқа іздеу жарияланды. Олар мекен жайын өзгертіп, ешқандай жерде тіркеуге тұрмаған. Олардың жалпы алимент берешегі 212 млн. теңгеден асады дейді құзырлы орган өкілдері.
Бауыржан Мырзалиев, Шымкент қаласы прокурорының көмекшісі: «700 адамның ішінде 436 атқарушылық өндірісі борышкерге іздеу жариялануына байланысты тоқтап тұр. Олардың жалпы алимент берешегі 212 млн. теңгеден асып жатыр. Жыл басынан бері 516 борышкерге қатысты іздеу жаряиланып, 82 борышкердің тұрғылықты мекен-жайы анықталып, атқарушылық өндірістері қайта жандандырылды».
Жалпы Шымкент қаласында 700-ден аса азамат алимент төлемей жүр. Әкелік қамқорлық жасаудан бас тартқандардың берешегі 2 миллиард теңгеден көп. Ал жыл басынан бері 4 борышкер қылмыстық жауапкершлікке тартылған.
«Жалпы жыл басынан бері алименттен жалтарғандарға қатысты қылмыстық істер қозғалып, оның үшеуі бойынша тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Үш борышкерге қатысты қылмыстық істер сотта қаралуда. Одан бөлек төрт борышкер қылмыстық жауаптылыққа тартылды», -дейді Шымкент қаласы прокурорының көмекшісі Бауыржан Мырзалиев.
Азаматтардан берешегін өндіру мақсатында олар үшн еңбек жәрмеңкесі де өткізіліп отырады. Мәселен 23 ақпанда өткен жәрмеңкеге 200-ден астам адам қатысып, оның 58-не жұмыс орындарға жолдама берілсе, 21 борышкер кәсіби деңгейін арттыру курстарына жолдама алды.