Úı ANONS Ауруханаға келген науқастың көлігін ұрлап кетті…

Ауруханаға келген науқастың көлігін ұрлап кетті…

фото Шымкент ПД

 

Ауруханаға денсаулық мәселесімен келген қала тұрғыны тексерілуден кейін шығып, көлігін таппай қалған. Бұл туралы ол бірден 102-ге хабар берген. ЖБО инспекторлары бейнебақылау камералары арқылы Opel Vectra-ны жедел анықтап, оны ұстауға патрульдік полиция экипажын бағыттады.

Көлік Абай ауданының аумағында тоқтатылды. Ұсталған азаматты жол полицейлері оқиғаның мән-жайын толық тексеру үшін анықтаушыларға тапсырды. Ал темір тұлпар заңды иесіне қайтарылды.

Өз кезегінде, тұрғын тәртіп сақшыларына жедел жұмысы үшін алғысын білдірді.