Биыл Түркістанда 2500-ден астам жоба қаржыландырылады

40

Биыл Түркістан облысында “Ауыл аманаты” бағдарламасымен 2500-ден астам жоба қаржыландырылып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Оны жүзеге асыруға бюджеттен 13 млрд. теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. Алайда енді бұл қаржының жартысы ғана мал шаруашылығына берілмек. 

Биыл Түркістан облысында 4500-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Өңірде “Ауыл аманаты” жобасымен 2640 жоба қаржыландырылмақ. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 13 млрд. теңгеден астам қаржы қарастырылды.

Нұрбек Бадырақов, Түркістан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
«Жалпы өткен жылы 19.8 млрд тг қаржы бөлініп, 64 округ таңдалып, жоба жүзеге асқан болатын. Нәтижесінде 3200-ден астам жұмыс орны ашылды. Ал, биыл 13.2 млрд тг қаржы қаралып, 62 ауылдық округ таңдалды. Басым бағыттары нақтыланды»

Бұл жылы несие алуға ауылдық елді-мекендермен қатар, шағын қалалар да қосылады. Сонымен қатар, жоба қаражатын жұмсауға шектеулер енгізілді. Енді қаржының тек 50 пайыздан аспайтын бөлігі мал, құс, балық сатып алуға беріледі.

Нұрбек Бадырақов, Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы: «Шағын қалалар яғни, Абай, Арыс, Жетісай қалалары осы «Ауыл аманаты» жобасына енгізілді. Екіншіден осы қаржыны алатын тұрғындар сол ауылда кемі 1 жыл тұруы қажет. Бүгінг жиында осындай негізгі мәселелер қарастырылды»

Осы мақсатта өткен жиында облыс әкімі Дархан Сатыбалды әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған жобаларды іске асыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Дархан Саьыбалды, Түркістан облысының әкімі: «2023 жылы тәжірибе жинап алдық. Қай бағыттың дұрыс екенін көрдік. Өкінішке орай, бізде бәрі мал шаруашылығымен айналысқысы келеді. Ал, бізге ауқымды, көп адамды жұмыспен қамтитын жобалар қажет. Мысалы, 100 станок алсаң 100 адам жұмыспен қамтылады»

Биылғы бағдарламаға енгізілген өзгерістердің бірі — жобаға қатысушыларға тұрақты жұмыс орындарын құру мінеттеледі. Сондай-ақ бөлінген қаражатқа техника сатып алып, жабдықтармен қамтылуы тиіс. Алайда, ол қаржыны мақсатсыз жұмсауға, мәселен, жеңіл автокөлік сатып алуға болмайды. Және ауыл шаруашылығы жануарларын жақын туыстарынан сатып алуға да тиым салынады.