«Ісіне салғырттық танытты» деп күдікке ілінген пробация қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Сарыағаш ауданында 5 жасар қызды азаптап өлтірді деп өмір бойына сотталған Гаийбназаров бас бостандығынан шектелген кезде пробация қызметкерінің қарауында болған. Сот шешімімен сезікті 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
«ҚР ҚК 371 бабы 2 бөлігінде көрсетілген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Күдікті 2 жылға бас бостандығынан айырылсын»,- деп үкім шығарды Сарыағаш аудандық сотының судьясы Жасұлан Орынбаев.
Сонымен қатар, сотталушы 2 жыл құқық қорғау органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды.